• 04.03.2019

Фотожурналистен кеңес


Понравилась статья, поделись с другими:
Read more

Қазақфильм

ҚАЗАҚФИЛЬМ КИНОСТУДИЯСЫ

 

Шырқ-шырқ. Шырт-шырт. Орайы түсіп қалған соң одырайып-бедірейіп, сызылып-сыпайыласып суретке түсіп жатырмыз. Кезек-кезек қозғалыстар негізгі нысананы бір орнынан тырп еткізбей ұстап тұр. “Камера 1, 2, 3 түсті, келесі” деген бұйрық қана естіледі. Жо-жоқ жабайы деп ойлап қалмаңыздар! Қазақы кинотуынды кейіпкерлерін көргеннен кейін, есте қаларлық, еске аларлық жақсы дүние болсын деп ерікке салып жатқанымыз ғой! Солай, біздің, яғни Medianet қатысушыларының жолы Қазақфильм киностудиясында түйісті.


Баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева

Анық әрі тыңдар құлаққа жағымды дауыс. Бірден өзіне баурап алады екен. Бұл Айнұр ханымның дауысы. Сырттай бақылаған адам бүгінгі спикердің білімді, жинақы, мінезді екенін осы дауысына қарап түсінері хақ. Сөз барысында Айнұрдың тағы бір қасиеті - жанашырлығына куә болдық. Өз ісіне жүрдім-бардым қарамай, міне мынаны ал, әне анау оны содан аласыңдар, ананы түртіп алғандарың дұрыс, былай болмасын ол бұрыс дегендей жанын сала түсіндіруі жанындағы тыңдарманға жақсы білінуде. Өзіміз осындай білгір маманнан дәріс алғанымызға ризамыз.

 

Менің атым Қожа

            Ғимараттарды аралауды бастап кеттік. Бұл екіншісі. Көргеніміз қызықтырып барады, көрмегеніміз одан да қызықтыра түсетіндей. Ұзыннан төселген коридор, кабинет алды, керегелерге жайқалған афиша. Жай ғана суреттер емес тарих суреттері. Жай ғана тарих емес телеэкран хикаяты. Мен мұндалап тұрған бейне сарғыш, сұрғылт, қаралау картиналарды көз алдыңа әкелетінін қайтесің. Осы орайда өзіме ерекше болған картинаға тоқталып өткім келеді. Ақылды бола тұра аңғал, әділ бола тұра сотқар, талапшыл бола тұра күрескер (мұғалімдермен), еңбексүйгіш Қожаберді. Майғаным апай, мектеп, суайт Сұлтан, әжесі, анасы, комсомол, той қауымы, киіз үй, айран осылай өткен ғасырдың тынысы біресе автордың шығармашылығы, біресе режжисердің туындысы болып ойға орала берді. Ерекше бақыт сыйлады. Бала шағымды еске салды. Хош! Қалпақ киіп ойланып отырған бала мен галифе шалбарды сән қылған ересектеу азамат! Суретке түселік. Сырт-сырт!

 

           

            Сығанақ және Вавилон декорациясы

            Ғимараттардан соң келесі, келесі, яғни соңғы аялдамамыз Сығанақ қаласы. Айнұр ханым құлыпталған қақпаның аузын ашқаннан кейін біздің тегіс ішке кіруімізді күтті. Таңданысымызды біраз тамашалап болғаннан кейін ортағасырлық емес мына айнала қоршап тұрған декорация турасындағы әңгімесін бастап кетті. Қаланың салынуы алты ай уақытқа созылған екен. Тарихи туындылардың түсірілім ордасы көрінеді. Келесі құрылысы басталған қала Вавилон екендігінен де хабардар болдық. Ең қызығы біз шынайы деп қабылдайтын тақ орны біз ойлағандай шынайы болмай шықты. Одан да қызығы дәрісімізді (ары қарай сұхбатқа айналды) патша ордасында жалғастыруымыз болды...

 

Қорытынды

            Оқырманым осымен аяқтасам. Сіздерге барлық алған әсерімді айна қатесіз жазып берер едім. Шәкен Айманов ескерткіші жайлы, еңбегі сіңген азаматтардың жұлдызды тасқа қашалып жазылған есімдері жайлы, тағы камаз көлігі сыйып кететін ғимараттардың арандай ауыздары жайлы, өзге: анимация, дыбыс, жарнама түсіретін бөлмелер жайында... Одан да оны өз көздеріңізбен көргендеріңіз абзал. 

Шәкен Айманов атамыздың қазақы фильмдерінен кейінгі үшінші мирасы – ол қарапайымдылық. Бұл көмекейдегі түйін. Ары қарай жұтып оны қабыл алу немесе жұтпай түкіріп тастау өздім дейтін еншілеріңізде.

 

                               Аяужан НҰРМОЛДА

Халықаралық медиа журналистика

                                                                           орталығы MediaNet білімгері

Read more