• 14.06.2018

«Дата» журналистикасы жайында білгіңіз келсе...

     Еліміз еңсесін түзеп ел болғалы дамудың биік шыңына жету үшін барлық саланы дамытып,ел көшін ілгері жылжытып келеді. Алайда көлеңкеде қалып қойған салаларымыз да  жоқ емес.Соның бірі жаңа медианың бір бөлігі – дата журналистика.

   Дата журналистика – кең көлемді ақпарат жинақтап,сараптап визуализация құралдары арқылы немесе мақала көмегімен көпшілікке түсінікті ету. Әрбір мәліметтің кішкентай бөлшегінің мағынасын ашу.

   Осы орайда, ҚазҰУ магистранты,журналист Сағындық Баубек мырзандан сұхбат алып көрген болатынмын.

  Қайырлы күн! Баубек мырза, «Дата» журналистика дегеніміз не ?

      - Қайырлы күн! Дата журналистика әлемдік медиада өте қарқынды дамып жатыр.Біздің елімізде  теориясы ғана түсіндірілуде. Практика тұрғысынан Қазақстанда іске асып  көрген жоқ. Дата  қазақ медиасы үшін де керек.Себебі,қазір ақпараттың көптігінен ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін ажырата алмаймыз. Дата журналистика шынайы дерек пен анализдік сараптамаға сүйенгендіктен  біз үшін аса қажет. Бұл елімізге қашан келгендігі жайлы ақпарат жоқ.Бірақ,алғашқы түсініктер Асхат Еркімбайдан бастау алады. Соңғы 3-4 жылда теориясы қалыптасып, 2016 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында оқытыла бастады.

Жаңа медианың бір бөлігі ретінде Дата журналистиканың бізге берер пайдасы мен нәтижесі қандай болмақ ?

- Бұл сала Қазақстан медиасына толықтай енбегендіктен нәтижесі белгісіз. Пайдасы өте көп. Себебі,барлық жағынан шынайылылық,дәлдікке негізделуі ақпараттың дұрыстығы және толық сараптамадан өтуі.

Өзіңіздің  алғашқы зерттеуіңіз неден басталды ?

- Менің алғашқы жобам 2016 жылы Атырау қаласындағы 6 айдағы қылмыстардың  саны және түрі бойынша қылмыстың қай түрі көп болды, сол қылмыстардың санын картаға түсіру арқылы жасалған зерттеуім.

Зерттеу жұмысы барысында нені ескеру керек ?

- Зерттеу жұмысы барысында датаға абай болуы керек. Өз ойыңыздан артық қосымша ақпарат қосуға болмайды. Қосқан кезде,ол міндетті түрде дерек көз,нақты факт болуы керек

Дата журналистте болуы керек 5 қасиет қандай ?

- Ең бірінші- шыдамдылық. Өйткені, дата үнемі жақсы болмайды,тез табыла бермейді.  Кейбір зерттеулер өте үлкен көлемде болады және ұзақ уақыт алады.

Екінші қасиет- шынайылылық. Зерттеу барысында нақтылықпен,шындықпен жұмыс жасау керек.

Үшінші қасиет- сараптай білу.

Төртінші қасиет- үнемі күмәнмен қарау. Әр сан мен ақпаратқа күмәнмен қарап сұрақтарға жауап іздей алуы абзал.

Бесінші- бұл тек дата журналистке ғана емес,әлемдік медиадағы журналистке қажеті- кодтау. Яғни,барлығын тез игеріп,компьютер тілін білуі керек. Өйткені үлкен дата жиынтығы болса сіз көзбен немесе қолмен анализ жасай алмайсыз. Міндетті түрде компьютер тіліне жүгінесіз.

 

 Сұхбатыңыз үшін рахмет !   

 

                                                                                                                   Жұмабике Көшекбаева
                                                       MediaNet халықаралық журналистика

 орталығының жанындағы медиамектеп білімгері

 

 

 

 


Понравилась статья, поделись с другими:
өзге мәліметтер