• 14.06.2018

Есей Жеңісұлымен өткен сабақтан есте сақталар ақпараттар

«MediaNet» халықаралық журналистика орталығындағы кезекті керемет сабақтарымыздың бірі тәжірибесі мол журналист Есей Жеңісұлымен өтті.

Есей мырза спорт журналистикасымен елге танымал болғанымен жалпы журналистика жайлы білетіні мол.Толғандыратын мәселелермен бізбен бөлісіп,шешімдерін,өз пікірін білдірді. Толығырақ айтар болсам:

1.Қазіргі таңда журналистика әлемінде өзекті болып отырған тіл тазалығы. Себебі,біздің журналистер әлі күнге дейін отаршылдық саясаттың көлеңкесінен құтыла алмай жүр. Мәтіннің орысша стильде жазылуы қазақ тілін бұрмалап әкетіп барады. Журналистер көп қолданатын «болып табылады», «деген», «бұл» сөздері тікелей орыс тілінен аударылған.

 

2.Көгілдір экранда,басылым беттерінде,радиода байқап қарасаңыз нақты 2-3 факт айтылғанымен,басым бөлігі көркемдегіш сөздер. Халыққа ақпараттың бос сөзбен толыққаны емес,нақты факттерді жеткізу керек.

 

3.Журналистердің статистикадан хабарсыз болуы,ең сорақы жағдай.Қай салада болмасын өзінің статистикалық мәліметтері болады.Оны құзырлы органдардан немесе ресми сайттардан алуға болады. Журналист кемінде әр саладан 20-30 статистикалық мәлімет білуі керек.

 

4.Тікелей эфирдегі сауатсыздықтың көрінісі. Әдетте тікелей эфирде отырған журналист тыңдарман мен көрерменді толық ақпаратпен қамтамасыз етуі керек. Алайда,тікелей эфирде жүргізетін журналистердің басым бөлігі халық не көріп отырса,соны айтады, радио да болса көркемдегіш сөздермен көмкермек.Ең қарын ашытарлық жайттың бірі осы.

 

Бұл сабақ көзі ашық,көкірегі ояу жанға ой сала білді. Болашақта бұл қателіктер болмайды деп ойлаймыз.

 

                                                                                                                Жұмабике Көшекбаева 
                                                       MediaNet халықаралық журналистика

 орталығының жанындағы медиамектеп білімгері

 

 

 


Понравилась статья, поделись с другими:
өзге мәліметтер