• 14.04.2019

Журналист болуды армандаушыға шағын кеңестер

 

  •  Кез-келген салада биік жетістікке жету үшін ең алдымен табиғилық керек.Журналист үшін бұл басты назарда. Телеарна,радио тіпті басылым беттеріндегі мақалаларында оның табиғи дарыны сезіліп тұрады. Өйткені,табиғилықты ешқашан жасыра алмайсыз.

  • Журналист тек журналистика әлемінде ғана өмір сүрмейді. Оның жан-жақты болуы аса маңызды.Барлық саладан хабары бар,ақпараттың толқынымен қатар жүре білуі керек.

  •  Ақпаратты бұрмаламай дұрыс жеткізу сөз бен ойдың байлығына байланысты. Сондықтан, сауатты жазумен қатар мәдениетті сөйлеуі керек.

  • Журналист болу үшін сізге бір ғана тіл білу өте аздық етеді. Мейлінше көп тілді меңгерген болсаңыз,соғұрлым сізге сұраныс көп болмақ.

  • Әр бір азаматтың жеке төл құжаты болатыны сияқты сіздің де журналистика саласында өзіндік қолтаңбаңыз,төл құжатыңыз болуы шарт.

  • Жаңа үлкен қадамдар жасап,шынайы еңбектенбейінше, көгілдір экранның жұлдызы боламын деген ойдан айырылыңыз.

  •  Заңды өте жақсы білу сіздің қозғалысыңыздың кепілі. Себебі,қайда барсаңыз да,кімнен сұхбат алсаңыз да заңды білмесеңіз жұмысыңыз нәтижелі болмайды.

  • Журналист қай кезеңде болмасын бейтарап жан ретінде ойлап,пікір білдіруі шарт.

  •  Журналист кез-келген атмосферада еркін болуы үшін тез сіңісе алатындай қабілетті болуы керек. Бұл терең білімнің арқасында іске асады.

  • Журналист болу үшін 4 жыл оқу немесе 3 айлық курс өте аздық етеді.Себебі,журналист әр ісінен сабақ алып өмір бойы оқиды. Оқуды тоқтатқан сәттен журналист атынан айырылмақ.

  • Ең бастысы, жақсы адам және мықты маман болсаңыз сізден асқан бақытты жан болмасы анық!

 

 

Теки Томирис

 

 

 

 


Понравилась статья, поделись с другими:
өзге мәліметтер