• 14.05.2019

ЖУРНАЛИСТІҢ БЕС ҰСТАНЫМЫ

  1. Тілі, діні, ұлты жоқ маман – ол журналист.

Сіздің меншігіңізде сіз ғана барсыз. Таңдау құқығы сізге берілген тәрізді оның, олардың да таңдау құқығы бар екендігін ескеріңіз. Кейіпкердің бет-бейнесі, түр-тұлғасы, ұстанымы, өмірлік көзқарасы мазаққа айналдыратын немесе мадақтайтын дүние емес. Өзімдікі не өзгенікі деп бөлінбеңіз.

  1. Күмәнмен қарау.

Кез-келген ақпарат қолыңызға тигенде оған күмәнмен қарауды үйреніңіз. Көзбен көргеннің барлығы шындық бола бермейді.

  1. Салқынқанды болу.

Журналистің міндеті біреуге үй алып беру емес, журналистің міндеті арандату, араға от салу емес. Міндет - ақпаратты жеткізу. Ол үшін бірінші ұстанымдағы бейтарап болуды үйреніңіз. Ол қолыңыздан келмей жатса өзіңізді ақпарат ретінде елестетіңіз. Мәселен: сіз тұлға емессіз, ақпаратсыз.

  1. Бірінші болуға асықпау.

Сенсация қуаламау. Яғни, оқиға бүгін шығу керек болса да тексеруге уақыт жоғалту. Зерттеу жүргізуді өз мойныңызға жүктеңіз. Асығыстық абырой алып келе бермейді. Зая кетпеген уақыт, екшеліп-текшелген материал керісінше эксклюзив болып қалуы ғажап емес.

  1. Айыптаймын деп айыпты болып қалмау.

Заң тілімен сөйлеуді әдетке айналдырыңыз. Мәселен: «Қылмыскер» екендігі дәлелденбейінше, осы сөздің орнына «күдікті» сөзін қолданыңыз. Әрбір материал жауапкершілікті талап ететіндігін ойланыңыз. Жауапкершілік сол материалға жауап бере алатындығыңыздың көрсеткіші. Ал жазған материалыңыз сізді қиындыққа ұшыратпауы тиіс, керісінше қорғанышыңыз болғаны абзал.

 

Теки Томирис

                             


Понравилась статья, поделись с другими:
өзге мәліметтер