КУРС ТУРАЛЫ

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы ONLINE MediaSchool –  журналист кәсібін меңгеруге арналған қолжетімді әрі практикалық онлайн-курс.

ONLINE MediaSchool  қазақ тілінде 33,  орыс тілінде 33, жалпы  66 сабақтан тұрады. Қазақстандық журналистер, редакторлар, сонымен қатар SMM және PR мамандары, дизайнерлер, медиа-заңгерлер сабақ береді. Курстың бағдарламасы мен әдістемесін кәсіби журналистер, жоо оқытушылары мен медиасарапшылар бірлесе дайындаған. 

Курс барысында заманауи журналистке қажет дағдыларды меңгересіз:

  • Онлайн-басылымдарға жаңалық форматында ақпарат жазу;
  • Ақпарат көздерін табу;
  • Сторителлинг, репортаж, іскерлік, сараптамалық, құқыққорғау және дата-журналистика жанрларында материал дайындау;
  • SMM, әлеуметтік желілерде тарату;
  • Фактчекингтің негізгі құралдары;
  • Журналистің құқықтары, міндеттері және этикалық нормалары;
  • Мультимедиа форматында инфографика, фото және видео секілді материал дайындау;

КУРС ЕРЕЖЕЛЕРІ

Егер нақты бір тақырыптардағы сабақтарға ғана қатысқыңыз келсе, онда тіркелудің қажеті жоқ. Кез келген сабақты өзіңізге ыңғайлы ретпен тыңдауға болады. Бірақ тест сұрақтарына жауап беріп, сертификат ала алмайсыз.

Егер журналист мамандығын меңгеріп, сонымен қатар ONLINE MediaSchool курсын бітіргеніңізді растайтын сертификат алғыңыз келсе, онда курсқа толықтай қатысып, аралық және қорытынды тестілеуден өтуіңіз керек. Сертификатты қорытынды тестілеуден қажетті ұпай жинаған, 16 жасқа толған ҚР азаматтары ала алады.

ОҚУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Сайт арқылы тіркелген соң, поштаңызға тіркелгеніңізді растайтын және жеке кабинетке кіретін ақпарат жіберіледі.
  2. Жеке кабинетке кіріп, жеке куәлігіңіздегі дерекке сәйкес, есіміңізді, тегіңізді жазасыз. Бұл деректер сертификатқа енеді.
  3. Содан кейін рет-ретімен видео-лекцияларды тыңдауға сілтеме ашылады.
  4. Сабақ соңында сабақта айтылған ақпаратты пысықтау үшін үй тапсырмасы беріледі. Курсты әр қатысушы өз бетінше оқиды, сондықтан үй тапсырмасын ешкім тексермейді. Үй жұмысы алған біліміңізді тәжірбие жүзінде бекітуге көмектеседі.
  5. Әр сабақты тыңдап болған соң, өткен материалдар бойынша тест сұрақтарына жауап бересіз.
  6. Егер қате жауап берсеңіз, онда сабақты қайта тыңдап, содан кейін тағы бір рет сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
  7. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіз, келесі сабақ ашылады. Курс соңына дейін осылай болады, яғни бір сабақты толық меңгерген соң ғана, келесі сабаққа қатыса аласыз.
  8. Сабақтарды кез келген уақытта бірнеше рет қайталап көруге болады.
  9. Қорытынды тестілеуден өту үшін аралық тестілеуде кемінде 27 сұраққа (80%) дұрыс жауап беру керек.
  10. Содан кейін сіздің жеке кабинетіңізде қорытынды тестілеуден өтуге мүмкіндік аласыз.
  11. Назар аударыңыз! Қорытынды тест курста қамтылған тақырыптар бойынша 25 сұрақтан және жауап нұсқаларынан тұрады. 90 минут ішінде тапсырып біту керек. Уақыт өткен соң, тест жабылып, жауаптарыңыз жойылады. Сол себепті қорытынды тестілеуді тапсыратын уақытты алдын-ала жоспарлап, дайындалғаныңыз абзал.
  12. Ал, сертификат алу үшін кемінде 20 сұраққа (барлығы 25) дұрыс жауап беру керек.
  13. Қорытынды тестілеуден алған ұпайыңыз аз болса, онда 24 сағаттың ішінде қайтадан тапсыруға бір рет мүмкіндік беріледі. Егер екінші мәрте тапсырғанда кемінде 20 сұраққа дұрыс жауап бермесеңіз, онда барлық ұпайларыңыз жойылады. Мұндай жағдайда курсты қайтадан өтуіңіз керек.

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырады.